29 Желтоқсан 2018
1544

Арал ауданы әкімінің блогы

 

 

Арал ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

Теңіз төскейінен орын тепкен айдынды Арал өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған тарихи мекен, жыр өлкесі. Киелі топырағында талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерген Арал бүгінде теңізі мен су маржаны, ақ алтыны – ас тұзымен әлемге әйгілі.

 

Аралда негізінен ата кәсіп саналатын балық және мал шаруашылы кеңінен өріс алған. Елбасының тікелей қолдауы мен сындарлы саясатының арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл санап жанданып келеді.

 

Сіздер біздің ресми сайтымызға ену арқылы ауданның барлық тыныс-тіршілігі, мемлекеттік органдардың қызметі, қоғамдық ұйымдардың жұмысы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар жайлы ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар, өтініштеріңізге жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында аудан әкімінің блогын халықпен байланыс жасаудың біртұтас нысанына біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Осы ретте, аудан әкіміне өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарды жолдауларыңызға болады.

 

Аудан әкімінің ресми блогы сұрақ-жауап интербелсенді нұсқада жұмыс істейді. Сауалдарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын!


 

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың 2016 жылғы 1 қарашадағы №414 өкімімен Арал ауданы әкімі қызметіне Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды. 


Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы 10 сәуірде Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын инженер механик мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2002 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, 2002-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2005-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.  


2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы болса, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2016 жылғы дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 

 

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.


Пікірлер  

# 830825301056Жұбанышев Айбек Асқарұлы 2019-03-08 11:41
Ассалаумағалейкум, Мұхтар аға


Мен Жұбанышев Айбек Асқарұлы
Арал қаласы Мұратбаев көшесі №62
үйдің тұрғыны

Сізден осы көше тұрғындары атынан, көшеміздегі туындаған бірқатар (төменде көрсетілген) мәселерді шешіп берсеңіз.

Біріншіден көшеміздің орта тұсында көктем және күз мезгілдерінде жиналатын қар суы мен жаңбыр суы жаяу және көлік қатынастарына қиындық келтіреді. Сол су жиналып тұрған тұсын құммен толтырып берсеңіздер.

Екіншіден кешке сабақтан қайтқан оқушы балаларымызға қиын туғызып келе жатқан жарық мәселесі,оның үстіне облысымыздың уақыт деңгейі бір сағат артқа жылжуына байланыста балаларымыз қою қараңғыда қалып қоюда.
Көше иттерінен және де басқа қауіптен (Алла сақтасын) зиян тиема деген қауіп бар. Бір бөренеге (көшенің орта тұсына) жарық орнатып берсеңіздер.

Үшінші айтатын бір уәжіміз, кеңес одағынан қалған көшеміздің орта тұсынан бастап аяғына дейін асфальт жолымыз бар еді. Осыдан бірнеше жыл бұрын жерасты газ жүргізу кезінде, сол асфальт жолымыздан ешетеме қалмады,соның салдарынан жол ойқы-шойқы көлікпен жүру мүмкін емес. Соның кесіренен казір автокөліктер тұрғын үйлерге жақын қозғалуда, жаяу жүргіншілерге және ойын балаларымызға қауіп төндіріп тұр, сол жолды орнына келтіруге болар ма еді (ең болмаса тегістеп берсе).

Сіз себепкер болып ауданымызға көптеген істер жасалып жатыр Алла разы болсын.
Біздің бір өтінішімізді қалыс қалдырмайды деп ойлаймыз...

Жұбанышев Айбек Асқарұлы
08/03/2019
Жауап беру
# ЖауапАрал қаласы әкімдігі 2019-03-12 05:56
Арал ауданы әкімдігі, Сіздің 2019 жылдың 26 ақпандағы № ЖТ-Ж-212 санды өтінішіңізге сәйкес төмендегіше білдіреді.

1. Арал қаласы әкімінің аппаратымен көктем мезгілінде еріген қар суының алдын-алу мақсатында қаламыздың санитарлық-тазалық жұмыстарына жауапты мердігер «Арал тынысы» жауапкершілі шектеулі серіктестігімен берілген тапсырмаларға сәйкес, ағымдағы жыл басынан бері қаламыздың көшелерімен, алаңдарынан 805 (сегіз жүз бес) куб метр қар мен 755 (жеті жүз елу бес) куб метр, жаңбыр суы шығарылды. Бұл жұмыстар күнделікті бақылауға алынып күні-түні жұмыс тәртібіне қойылған.
Көшеңіздің су жиналатын орнына құм толтырылған жағдайда, еріген қар және жанбыр сулары сол маңайда орналасқан тұрғын үйлерді су басу қаупі жоғарылауы мүмкін.

2. Қазіргі таңда қала бойынша, Ғ. Мұратбаев көшесінен басқа да қала тұрғындарының жазған өтініштеріне байланысты бірнеше көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату күн тәртібіне қойылған. Және сұраныстарға сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

3. Арал қаласының автомобиль жолдарын жақсарту мқсатында 2018 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте жөндеуді (салуды) қажет ететін 43 көшенің (оның ішінде – Ғ. Мұратбаев көшесі) орташа жөндеуден өткізу және Тәжі Палуан, М. Сәдібеков көшелерін қайта жаңғырту үшін сметалық құжаттамалары әзірленді. Жыл басында Республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті салалық министрліктерге қажетті құжаттар тапсырылып, бүгінгі күні нәтижесі күтілуде.
Жоғарыда аталған жобалар қолдау тауып, қаржы мәселесі оң шешімін тауып жатса, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 12 бабына сәйкес тиісті құзырлы органдарға шағымдануға құқығыңыз бар екендігін білдіремін.
Жауап беру
# Арал қаласы Б. Рыскалов көшесі тұрғынымын. Айжан Мустафа 2019-03-10 05:40
Арал қаласы Б. Рыскалов көшесі тұрғынымын. Сізге осы көше тұрғындары атынан бірнеше мәселе бойынша жазып отырмын.

1.Біздің көшеде жарық жүйесі өте нашар. Кеш батқаннан жарық жақсақ болды дым көринбей калады, тоқ пешке нан салған бойда автомат сөніп қалады. Кешке қарай тоқ аз, үтік қоссақ, пеш косалмай отырамыз. Жарыктың күшін көтеріп беруіңзді сұраймыз.

2. Көше қаланың сырт жағында орналасқандықтан қаңғыбас иттер өте көп. Бір жағынан көше қараңғы. Тан ертең баларымызды сабаққа жіберу үшін трассаға дейін ата аналар апарып жатамыз. Көшеге жарық жүргізіп беруіңізді сұраймыз.

3. Көше теңізге шығатын бетте орналасқандықтан құм, саз тасымалдайтын үлкен жүк көліктері өте көп жүреді, балаларымызды шарбақтан шыгара алмаймыз, одан қалды көктем мен күз мезгілдерінде жүк көлігінің жүріп өткен жолымен өзімдің жеңіл көліктеріміз жүре алмай қатты қиналып жатамыз. Осы жүк көліктерін жүруіне тыйым салуыңызды сұраймыз..
Жауап беру
# ЖауапАрал қаласы әкімдігі 2019-03-10 05:43
Арал қаласы,Б. Рысқалов
көшесі № 20 үй тұрғыны
А. Мустафаға


Арал қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сіздің2019 жылғы31 қаңтардағы аудан әкімінің атына жазған өтінішіңізге сәйкес,білдіреді.

1.Кешкі мезгілде тоқ кернеуінің азаюына байланысты көтерген мәселеңіз бойынша.
Бұл сұрақтар қала тұрғындарының басқа көшелерінен көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Себебі, жаңадан үй салушылар санының жыл сайын көбеюі және тұрғындардың тұрмыстық электр бұйымдарды кейінгі кезде көптеп пайдалануы өз кезегінде алды 30-40 жыл бұрын салынған және сол кездегі тұтынушылардың қуатына байланысты есептеліп салынған 10/0,4 кВ қосалқы стансалардың қуаты жетіспеушілігінен туындап отыр.
Бұл мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мақсатында Арал қаласының тұрғын үйлерін электр энергиясымен қамтамасыз ету жобасы бойынша мердігер мекеме тарапынан 2018 жылы қала ішіндегі біршама көшелеріндегі өз еркімен салынған желілерді СИП сымдарына ауыстыру және жаңадан 10/0,4 кВ қосалқы стансалар салу жұмыстарын атқарды.

Осы жұмыстар үстіміздегі жылы да жоспарланып Б. Рысқалов көшесінің ескірген сымдарын СИП сымдарына ауыстырып, жаңадан орнатылған 10/0,4 кВ қосалқы стансаға қосуды мердігер мекеме атқаруды жоспарлануда.

2. Қаңғыбас иттердің көзін жою туралы мәселеңіз бойынша
Жыл сайын аудандық бюджеттен қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жоюға жеткілікті қаржы бөлініп келеді. Ағымдағы жылға 5984,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Жыл басынан бері қаңғыбас ит-мысықтарды жою бағытында аудандық ветеринариялық станциясы жүйелі жұмыстар атқаруда.
7-8 ақпан күндері аталған мекеме қызметкерлері тарапынан Б. Рысқалов көшесі мен оған жақын аумақта жүрген 18 бас қаңғыбас иттер ауланып жойылды. Және де қала көшелерінде бұл жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

3. Жүк көліктеріне тыйым салуға байланысты мәселеңіз бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі Қағидалары» ережесінде жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларды (жол белгілерін) орнату кезінде жол жағдайы көлік ағынының тығыздылығы, көлік кептелісінің көлемі, жол-көлік оқиғаларының орын алуы, есептегі апатты-қауіпті аймағының бар болуы т.б. жағдайлар басшылыққа алынуы тиіс делінген.
Осылардың негізінде Арал қаласы, Б. Рысқалов көшесіне қандай да бір тыйым салу белгілерін орнатуға ешқандай негіз жоқ екендігін хабарлайды.
Осыберілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 12 бабы бойынша, құзырлы органдарға жүгінуге құқылы екеніңізді түсіндіремін.


Арал қаласы әкімінің міндетін
уақытша атқарушы Р. Жанаев


"О. Рысқұлов
' 8(724 33) 2-37-05
e-mail: amiraliev.a@bk.ru
Жауап беру

Пікір қалдыру

Security code
Жаңарту