17 Тамыз 2019
55

АРАЛДЫҚТАР «BIRGE TAZA QAZAQSTAN» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

    Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

    ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрі М. Мырзағалиевтің бастауымен республикалық деңгейге ұласқан "Бірге - Таза Қазақстан" экологиялық акциясының негізгі мақсаты - қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысу, сол арқылы жас жеткіншектерге үлгі көрсету болып табылады.

    Аудандағы кент, ауылдық округтердегі елді мекендердің барлық мекеме қызметкерлері, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен заңды тұлғалардың қатысуымен өтікізілген сенбілікке техникалар жұмылдырылып, тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс тастайтын орындарға жеткізілді.

    Тазалық акциясы барысында Арал қаласына кіре беріс аймағы, көше бойлары, орталық базар, қоғамдық орындар жол бойындағы ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.

    Сондай-ақ, Қамыстыбас көлінің жағалаулары тазартылып, су айдындарына қоқыстарды бей-берекетсіз тастамау жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.